Генетикалық ауру ең әуелі жақын туыстардың некелесуі салдарынан пайда болады
Аталған ауру көрсеткішін азайту мен медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында шетелден білікті мамандар өз тәжірибесімен бөлісуде. 29 шілдеде басталған шеберлік сабақ 5 күнге жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл – неврологиялық аурулар ішіндегі ең көп кездесетін түрі. Алайда бұл дертті ерте анықтау қиынға түседі. Нақты диагноз қою үшін қымбат сараптама жүргізу қажет.
«Қазіргі таңда елімізде жүйке, бұлшық ет ауруларына шалдыққан 1200-ден астам науқас бар. Соның ішінде тұқым қуалайтын жүйке, бұлшық ет аурулары әсіресе Түркістан облысында кең таралған. Біз мұны ол жақта түрлі ұлт өкілдері тұратынымен байланыстырамыз. Аталған сырқат түрі көбіне қазақтарда емес, өзге ұлт өкілдерінде кездеседі. Өйткені генетикалық ауру ең әуелі жақын туыстардың некелесуі салдарынан пайда болады», – деді медицина ғылымдарының докторы Алтыншаш ЖАҚСЫБАЕВА.