Қауіпті аймақта 60 жеке үй бар
Қала әкімі Медеу ауданын аралаған кезде тұрғындар аталған аймақтың бөктерін нығайтуды сұраған болатын. Өйткені күз-көктемде көшкін жүру қаупі бар. Сарапшылар жалпы алғанда 290 метр беткейді нығайту қажет деген шешім шығарыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нығайту жұмыстары тамыз айында басталған. Қауіпті аймақта 60 жеке үй бар. Онда 250-ге жуық адам тұрады. Қазіргі кезде ұзындығы 290 метр болатын беткей тазартылды, 7 метрлік тор жәшіктер орнатылуда. Ұзындығы 25 метр, биіктігі 8 метр болатын темірбетонды тірек қабырғасы орнатылуда. Жұмыс 60 пайызға біткен. Жұмыстар 30 қарашаға дейін толығымен аяқталуы тиіс.