Алматы қалалық Полиция департаменті қала ішіндегі тосқауыл бекеттерін алып тастады
Almaty.tv
Бұл карантиндік режимнің жеңілдеуіне байланысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қалалық Полиция Департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған.
Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.
Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция Департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30