Темекіге акциз кезең-кезеңімен көтеріледі – Әлібек Қуантыров

23.06.2022 22:43

Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді

time.com

Темекі және темекі өнімдерінің басқа да түрлерінің акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бүгін Парламент сенатының депутаттары аталған мәселеге қатысты заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

«Еуразиялық экономикалық Одақ шеңберіндегі келісімді орындау мақсатында темекіге акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады. Қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемесін темекіге акциз ставкаларының 70%-ы деңгейінде белгілеу, сонымен бірге өлшем бірлігін килограммнан данаға ауыстыру ұсынылады», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.