Шымкент қаласы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Президенті әкімшілігінің және қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес, бұл қызметті Маулен Зарлықұлы Айманбетов атқаратын болды.
Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі.Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, басқарма бастығының орынбасары болған.
2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Фитосанитария» РМК бас директоры болған. 2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына ведомстволық қарасты ұйымдарда түрлі лауазымда жұмыс істеген.
2008-2013 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген. Еске салсақ, бұған дейін Шыңғыс Мұқан және Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.