Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.
Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлік ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым.
Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін», – деп жазды әкім.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Шілде айының басында ол елордадағы кардиологиялық орталыққа жеткізілді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Амандық Баталов (@amandyk.batalov)12 Июл 2020 в 4:03 PDT