Амандық Баталов ауруханадан шықты

12.07.2020 22:19

Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.

Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлік ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым.

Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін», –  деп жазды әкім.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Шілде айының басында ол елордадағы кардиологиялық орталыққа жеткізілді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін. Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлік ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін. Құрметпен, А. Баталов. Сегодня выписался из больницы. Хотел бы выразить огромную благодарность всем кто меня поддерживал, в первую очередь моим землякам-жетысусцам, друзьям, родным и близким. Отдельное спасибо врачам за их самоотверженный труд. Именно от их действий зависит жизнь многих людей. Теперь приступаю к работе, чтобы вместе с вами побороть пандемию. Только объединив все наши усилия, мы справимся со всеми трудностями! Берегите себя и своих близких! С уважением А.Баталов

Публикация от Амандық Баталов (@amandyk.batalov)12 Июл 2020 в 4:03 PDT