Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды

26.10.2023 22:19

Арт-жобаны жастар қозғалысы жүзеге асырды

Сурет: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Астанада Бурабайдағы Жұмбақтастың көшірмесі пайда болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы елімізге келетін туристтер қаншама қоқыс қалдықтарын тастап кететінін көрсету үшін ерекше арт-жоба ойлап тапқан. Белсенділер Бурабайда қоқыстарды жинап, содан Жұмбақтас  мүсінін жасады. Арт-нысан Қазақстанның мәдени мұрасының сақталуы мен тазалық үшін күрестің символына айналды.

Жыл сайын Бурабайдың табиғатын тамашалауға келетін туристтердің саны артуда. Көрікті жердің танымалдығымен қатар, қоқысының да көлемі артпаса азаймаған. «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мүшесі Бауыржан Аманов талай тарихи оқиғаларға куә болған Жұмбақтасқа жазу жазып, маңайына қалдық тастап кететіндерге шара қолдану керек екенін айтады.

 - Біздің киелі жерлер мен мәдени ескерткіштердің жойылуына немқұрайды қарай алмаймыз. Қазақстандықтарды табиғатымызды аялауға және тарихымызды қастерлеуге шақырамыз. Бәрін өзімізден бастайық. Қоқыс шашпай, айналамызды таза ұстайық, - дейді Бауыржан Аманов.

Еске сала кетейік, «Қоқыстас» арт-нысан  «Киелі табиғат» эко-сенбілігін және басқа да көптеген экологиялық бастаманы қолдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Оқи отырығыз:Биыл әскерден келген жастарға 3 мың грант бөлінді