Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды

19.01.2023 22:19

Мектеп басшысы денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді

ашық дереккөзден

Атырауда жалпы білім беретін орта мектептің басшысынан туберкулез анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Атырау қаласының білім бөлімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлады. Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізілетіні және мектепке тиісті санитарлық шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.