|
14.05.2020 | 17:19
9904

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары қай уақытта іске қосылатыны белгілі болды

Шектеу шаралары қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алынатын болады

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары қай уақытта іске қосылатыны белгілі болды фото esquire.kz


Алматыда 25 мамырдан бастап қонақ үй, тамақтану орындары және мешіттер мен шіркеулер кезең-кезеңімен ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Десе де, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар толығымен сақталуы қадағаланады. Дәл қазір қаланың бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп нысандардың жұмысын жалғастыру бойынша дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, 18 мамырдан бастап, қаладағы діни ғимараттарға яғни, мешіттер мен шіркеулерге бару әлі де болса ерте. Осы орайда алдағы уақытта ашылатын нысандардағы қызметкерлердің жұмысқа қосылу санын сол ғимараттың басшылары анықтайтын болады.

 Ал, іске қосылатын нысандарда әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитариялық режим және қатаң сақталуы керек.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир