Кастингке 8 жастан жоғары қыздар қатыса алады
Әрбір қыз «Қазақстан аруы» атануға лайықты: Алматыда ұлттық сұлулық байқауының ашық кастингі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті еліміздің аруларын кастингке қатысуға шақырады. 17 тамызда Алматыда «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ашық кастингі өтеді. Кастингке 18 жастан асқан және бойы 165 сантиметрден жоғары барлық қыз қатыса алады. Кастингтен өткендер «Қазақстан аруы» байқауының финалына жолдама алады.
Жобаның мақсаты – этникалық негіздерді сақтау және насихаттау. Қазақ тілін, ұлттық қолөнерін, мәдени мұрасын, ұлттық киімдерін жастардың бойына сіңіру әрі дәріптеу. Қазақ қыздарының бүгінгі рухани келбетін ашып, жастарды ұлттық руханият пен мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу. Еліміздің жастар саясатына үлес қосу да үлкен мақсаттарымыздың бірі. Байқау – өлкеміздің сан ұрпақтарының тереңдігі мен даналығын бойына сіңірген сұлулыққа тағзым. «Miss Qazaqstan» жай ғана сұлулық байқауы емес, бұл әрқашан «Сұлулық мейірімділікте!» ұранымен өтетін жоба. Биыл жоба «Әйел болу - өнер» тақырыбымен өтпекші.
«Қазақстан аруы» тек қана сұлулық байқауы емес, бұл қыз баласына өзінің өнерін, білімін һәм әлеуетін көрсетуге арналған бірегей алаң!
Оқи отырыңыз: Алматыда мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 85 пайызға жетті