|
16.08.2024 | 17:06
794

Алматыда мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 85 пайызға жетті

Шаһар басшысы қаладағы мектептердің инфрақұрылымына баса назар аударылатынын атап өтті

Алматыда мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 85 пайызға жетті Almaty.tv

Биыл Алматыда мектептер үшін интерактивті контенті бар 168 жаңа модификация кабинеті сатып алынды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар басшысы қаладағы мектептердің инфрақұрылымына баса назар аударылатынын атады.

- Биыл мектептерге практикалық және теориялық есептерді шешу үшін интерактивті мазмұны бар 168 жаңа модификация кабинеті (физика, химия, биология, робототехника, STEM) сатып алынды. Бұл мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтаудың 85% деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, - деді Ерболат Досаев.

Осылайша, 168 жаңа кабинеттің енгізілуімен мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау өткен жылмен салыстырғанда 16% өсті.

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясымен бірлесіп №201 мектеп-гимназиясында «цифрлық теңге» платформасында бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға арналған «цифрлық ваучерлер» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама бойынша бүгінде 50 мыңға жуық транзакция жүргізілді.

- Алдағы уақытта жобаны қаланың басқа мектептеріне де енгізуді жоспарланып отырмыз, - деді Алматы әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының бастауына орайластырылған «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты қалалық тамыз саммиті өтті. Іс-шара педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласындағы озық тәжірибелерді және жаңа технологияларды алмасуға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Былтыр Алматының 6 мыңға жуық мұғалімі шетелде тағылымдамадан өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир