Басынан оқ атқан: Талдықорғанда әскери қызметкердің өлімінің мән-жайы айтылды

stan.kz
stan.kz
Қаратал өзенінің түбінен оқ атылған 16 калибрлі аңшы мылтығы табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда сарбазды өлтірді деген күдікпен оның әріптесі ұсталды, деп хабарлайды stan.kz Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 24 желтоқсанында қалалық полицияға Қаратал маңында сарбаздың өлімі туралы хабарлама түсті. Полиция ер адамның мәйітін Мактуб сауда орталығының алдынан тапты. Марқұмның басына мылтықтың оғы тиген.

Жәбірленуші 36 жастағы Талдықорған тұрғыны, ол облыс орталығына жақын орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен. Тергеу барысында тәртіп сақшылары бірнеше нұсқаларын ұсынды, олардың әрқайсысы мұқият тексерілді.

«Нәтижесінде ұсынылған нұсқалардың бірі расталды және полиция кісі өлтірді деген күдікке ие болған адамды анықтай алды. Жәбірленушінің қызметтесі болып шыққан күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Талдықорған полиция бөлімінің басшысы Асқар Нұрсапа.

Күдікті жәбірленушімен бірге әскери бөлімде қызмет еткен. Қаратал өзенінің түбінен оқ атылған 16 калибрлі аңшы мылтығы табылды.

Тәртіп сақшылары аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы сегіз жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жаза тағайындайды. 

Новости партнеров