Алматыда апатты деп танылған ағаштар кесіліп жатыр

09.10.2019 22:21

Айта кетейік, мегаполисте жалпы 2 миллионнан астам ағаш бар екен

Қалада 54 мың жасыл желек емдеуді қажет етеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізген қалалық жасыл экономика мамандары ауырған ағаштарды жыл соңына дейін кесіп тастамақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, мегаполисте жалпы 2 миллионнан астам ағаш бар екен.

«Қазір біз ботаникалық институт мамандарымен және ғалымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Тексерілген ағаштардың көбі сырты жасыл болғанымен, іші шіріп бастаған. Мәселен Зенков көшесіндегі құлаған ағаш. Оның да сырты тәуір болғанымен, тамыры шіріген болып шықты. Қазір осындай ауырған ағаштармен жұмыс істеуді күшейттік», – деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы Олжас ЖАНЫСБАЕВ.