Халық тану: республикалық бағдарламаға кім, қашан өтінім бере алады

28.07.2023 22:23

«Халық тану» 3 номинация бойынша беріледі

informburo.kz

«Халық тану» халықаралық қоғамдық комитеті Қазақстан экономикасын дамытуға белсенді қатысатын немесе қатысуды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да елдердің барлық салалық бағыттарындағы мамандар мен заңды тұлғаларды анықтау және ел халқының тануы мақсатында «Үздік» атағын береді. 

«Халық тану» үздік мамандарға, кәсіпорындардың басшыларына – экономиканың жеке, мемлекеттік және қоғамдық секторына «Үздіктерді» халықтық дауыс беру арқылы іріктеу жолымен, ұйымдастырушының  сайтында беріледі.

«Халық тану» 3 номинация бойынша беріледі:

«2023 жылдың үздік мемлекеттік органы» (министрліктер,әкімдіктер,

департаменттер, басқармалар, бөлімдер – - Қазақстан халқы үшін өз қызметімен және жұмысымен жергілікті жерлерде толық берілгендік пен жауапкершілікті растаған мемлекеттік органдар;

«2023 жылдың үздік кәсіпорны» - ҚР және шет елдер экономикасының  

барлық салаларындағы коммерциялық құрылымдардың ішінен;

«Үздік маман 2023 жылдың « – Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін ҚР және шет елдердің экономиканың барлық салаларының коммерциялық,  мемлекеттік, қоғамдық құрылымдарынан.

«Халық тануға» қатысу үшін өтінімдер бере алады:

– өзін - өзі ұсынған жеке тұлғалар; - мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары.

«Халық тану» өткізу мерзімі:

2023 жылғы 11 шілдеден 26 қарашаға дейін-халықаралық деңгейдегі «Үздіктерге» халықтық дауыс беру.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау (кандидаттарды ұсыну)

2023 жылғы 11 шілдеден 26 қарашаға дейін жүргізіледі.  Өтініш парағын алу үшін ХҚК ұйымдастырушысына Instagram парағына жазылу керек: 

Үміткерлерді бағалау кезінде Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі, жетістіктері туралы жарияланған мақалалары және «Үздік» атағына маманның немесе ұйымның қызметін көрсететін басқа да сипаттамалар ескерілетін болады.

Лауреаттарды марапаттау 2023 жылдың 15 желтоқсанында Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар барысында салтанатты жағдайда өтеді. «Халық тану» жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мемлекеттік органдардың сайттарында жарияланады.

«Халық тану» туралы толық ақпаратпен және ережелерімен ұйымдастырушының сайтындағы «Халық тану» бөлімінде танысуға болады.