Алмарасан шатқалы мен Есік көліне апаратын жол жабылды

28.07.2023 22:35

Қатты жауын-шашынның түсуіне орай

elements.envato.com

Іле-Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі тауларда сел жүруі мүмкін екенін ескертіп, тауға шықпауды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Найзағай кезінде батыс желдің екпіні 18-23 м/с болады.

Қатты жауын-шашынның түсуіне орай, қазіргі жағдайды ескере отырып, таулы жерлерде сел жүру қаупі бар.

"2023 жылғы 28 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейін барлық бақылау-өткізу бекеттерінде (Алмарасан, Кімасар, Бутаковка, Аққайың, Ақсай, Қаскелең, Түрген, Есік, Маралсай, Қотырбұлақ), Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі автомобиль жолымен қауіпті аймақтарға жаяу және автокөліктер үшін жол жүру шектелген", – делінген хабарламада. 

Парктің баспасөз қызметі сел тасқынына түскеннен кейін қашуға мүмкіндік жоқ екенін еске салды.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында ағаштарды суару кестеге сәйкес жүргізілуде