Аз ғана өмірі қалғанын білген әйел 6 жасар ұлын асырап алатын отбасы іздеп жүр

Аз ғана өмірі қалғанын білген әйел 6 жасар ұлын асырап алатын отбасы іздеп жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

30 жастағы Айгүл Фазыйлова омырау ісігінің қатерлі дертімен ауырады. Оған өкпесінде метастаз бар деген қатерлі ісіктің 4-деңгейлі диагнозы қойылды, деп хабарлайды stan.kz.

Әйелдің жалғыз ғана қамқоршысы – 65 жастағы тәтесі. Оған мұндай жаста қамқорлыққа бала бермейді. Ал, туыстарында ұлы Амирді қабылдауға дайын ешкім жоқ.

Айгүл өзінің өлімінен соң Амирді балалар үйіне әкетуі мүмкін екенін түсінеді. Баласын ол жаққа жібергісі келмегендіктен өзге қадамға барды.

Телеэфир арқылы ұлын қабылдайтын мейірімді ата-ана іздеді.

Айгүлдің өз пәтері жоқ. Амирмен бірге әпкесінің үйінде тұрады. Әйелдің анасы қайтыс болғанда өгей әкесі қызын сол үйге тіркелгеніне қарамастан үйінен қуып жіберіпті.

Ал, Айгүлдің айтуынша, баланың әкесі жүкті екенін білген соң оны алдыруға кеңес берген. Бірақ Айгүл оны босануға бел байлайды. Әкесі ұлын ешқашан көрмеген. Бүгінде өзге әйел, баласы бар. Амирді ол отбасы қабылдамайтындарын айтқан.

Ал, Амирдің әкесінің әйелі телефон арқылы берген жауабында күйеуімен 11 жылдан бері тұрғанын, Айгүлмен кездейсоқ кездесіп, жақын қатынаста болғанын, осылайша жүкті болғанын айтады. Өзі бала көтеріп, өзі босанды ма, енді өзі өсірсін деп отыр.

Бірақ Айгүл кездесіп жүргенде жігітінің әйелі барын, тіпті ол кезде әйелі болуы мүмкін емес екенін айтып отыр.

Ал, түсірілім тобы Амирдің әкесі Игорьмен кездесіп, сөйлесіп көрді.

Игорь мас күйінде тілшілермен сөйлесіп, баласымен бірге тұрғысы келетінін, бірақ әйелінің қарсы екенін айтты.

«Туған әкесі барда, ол бала қалай балалар үйінде өседі. Мен онымен бірге болғым келеді. Оны осы үйге әкелем деп уәде берем», – дейді Игорь.

Алайда Айгүл баласын әкесіне тастағысы келмейтінін ашып айтты.



Новости партнеров