|
18.01.2019 | 17:26
5391

Елбасы Ақмола облысындағы «ақылды» қала жобасымен танысып шықты

Елбасы Ақмола облысындағы «ақылды» қала жобасымен танысып шықты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысының Ақкөл қаласына барды. Президент онда «Smart Aqkol» жобасы аясында іске қосылған арнайы ахуалдық орталық жұмысымен танысты.

Жасанды интеллект негізіндегі жоба платформасы аясында барлық инфрақұрылым автоматты түрде басқарылады. LED экран, диспетчерлік зал, бейнебайланыс жүйесі және колл-орталықтар жабдықталған алаңдағы бейнекамералардың автоматты талдау жүйесіне қосылған. Қала тіршілігі, қоғамдық қауіпсіздік пен экологиялық жағдайды бақылаудан бөлек, теxнология көмегімен тез арада ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, шаһар өмірін тактикалық және стратегиялық жағынан қадағалауға да болады. Жиналған ақпарат жер астында орналасқан жабық деректерді өңдеу орталығында сақталады. Президент «Smart Aqkol» тәжірибесін еліміздің басқа қалаларына да қолдану керектігін тапсырды.


«Компанияны немесе кәсіпорынды қалай басқарамыз, цифрлық теxнологиялардың арқасында Қазақстанды да тура солай бірыңғай орталықтан басқаруға болады. Міне, мына жерде тұтас бір қаланы басқарып отырмыз. Ондай жүйенің артықшылығы көп, экономикалық тиімділігі де жоғары. Нақты нәтиже деп осыны айту керек», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.



Айта кетейік, «Smart Aqkol» жобасы шеңберінде қалада 17 шақырымнан артық талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған. Сонымен қатар, 100-ге жуық бейнекамера, 4500 су есептеу және 6 мың электр энергиясын есептеу құралы, жол трафигі, өрт қауіпсіздігі, көшені жарықтандыру және басқа да құрылғылар бір орталықтан басқарылады.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир