Алматының жаңа жобалары: қаладағы базарлар аумағы көгалдандырылады

02.02.2024 22:24

Жалпы қолданыстағы жасыл желек алаңын 2030 жылға дейін 3 есеге ұлғайту көзделеді

Victor Glutsenko

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы атап өткендей, жоспардың жан-жақты жаңа жобалары бойынша сауда кеңістіктерін айтарлықтай жаңарту қарастырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мысалы Алмалы ауданында Розыбакиев көшесінің бойындағы «Тастақ» және «Көтерме сауда» базарлары модернизацияланады. Жетісу ауданында Солтүстік айналма жолы бойындағы базарларды жаңғырту, сондай-ақ су қорғау белдеулерін абаттандыру және тазарту көзделген. Бұл шаралар сауда алаңдарының сапасын едәуір арттырады және келушілер мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Мегполистегі саябақтарды, гүлзарлард қоса алғанда, жалпы қолданыстағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайту көзделген.

Сонымен қатар жүрдек көлік қаңқасын және өзара байланысты көшелер желісін енгізу есебінен қаланың барлық аудандары бір-біріне интеграцияланатын болады. Қала тұрғындары қаланың кез келген жеріне оңай бара алады. Мұндай қозғалыстардың дәліздері бизнес үшін, оның ішінде сауда саласында да тартымды болады.

Осылайша жан-жақты жоспарлау жобалары тұрақты және функционалды қалалық кеңістікті құруға бағытталған. Олар қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды трассалаудың, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.

Оқи отырыңыз: Алматы жоспарының егжей-тегжейлі жаңа жобалары бекітілді