Жұмыссыз алматылықтар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады

2ГИС
2ГИС
2020 жылы қала бойынша барлығы 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленді және қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.

2020 жылы қала бойынша барлығы 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде келесі жұмыс түрлері мен объектілер бойынша:

1. әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту бойынша;

2. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту бойынша;

3. инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Бағдарламаға кім қатыса алады?

Халықты жұмыспен қамту орталығы қажетті білікті мамандарды іріктеуді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздарды жібереді, ал қажет болған жағдайда жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша тиісті жұмыстарды орындау үшін кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі.

"Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" шеңберінде жұмысқа шығуға дайын азаматтарға жұмыс орнына келгеннен кейін бірден 2 ЕТЖ немесе 85 мың теңге мөлшерінде "көтерме ақы" берілетін болады. Орнына емес, тұрақты жалақыға қосымша. Бұл ретте, орташа жалақы мөлшері 120 000 теңгені құрайды.

Жұмыссыз алматылықтар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бірінші кезекте жұмыс мысалы, мектептер, ауруханалар немесе тұрғын үйлері жөнделіп немесе құрылысы жүргізіліп жатқан ауданда тұратын азаматтарға, мемлекеттік қаражат есебінен беріледі.

Толық ақпаратты Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы сайтының WWW.CZ-ALMATY   «ДКЗ 2020» бөлімінен көруге болады.

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 224-20-00, 221-66-11.

Электрондық пошта: centr_almaty@mail.ru

Telegram @enbek_almaty_bot

Instagram @centr_zanyatosti_almaty

Facebook @cznalmaty

Контакт @centr_zaniyatosti_almaty

Twitter @CZN_ALMATY

Новости партнеров