Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады

06.08.2022 23:01

ФИДЕ Бибісараны Азияның үздік шахматшысы деп таныды

Ақорда

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады. Бұл туралы БортN1 телеграмм арнасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның ең үздік шахматшысы атанғаны туралы жазған болатынбыз.

Теги: шахмат