Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның ең үздік шахматшысы атанды
Ғacebook/Bibisara Asaubayeva
Жүлдені 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд табыс етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның 2021 жылдағы ең үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. 15-шi шахматтан әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған «Азияның үздік шахматшысы - 2021 жылғы» сыйлығын табыстады. Еңбегімді бағалағандарыңызға рахмет!» - деп жазды ол.
Айта кетейік, Үндістанның Ченнай қаласында Шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Кеше жарыста қазақстандықтар кезекті жеңісіне жеткен болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06