Бір аптаның ішінде 523 учаскенің мәселесі оң шешімін тапты
Осыдан бір апта бұрын Алатау ауданы тұрғындарымен болған кездесу барысында Алматы қаласының әкімі жұртшылықпен тағы бір рет жолығып, кей мәселелерді тәптіштеп талқылауға уәде берген болатын. Бүгін Бақытжан Сағынтаев сол сөзінде тұрып, ауданның белсенділерімен қауышты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жөнінде мегаполис басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Алатау ауданының белсенділерімен кездестім. Бір апта бұрын өткен кездесуде тұрғындар бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан 930 проблемалық учаскелердің мәселесін көтерген еді. Бір аптаның ішінде 523 учаскенің мәселесі оң шешімін тапты. Бұл дегеніміз — 55%. Қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Белсенділік танытқан аудан тұрғындарының азаматтық ұстанымдарына алғыс айтамын», – деді әкім.