Алматыда белсенді қарттарға арналған тағы екі орталық ашылды

Алматыда белсенді қарттарға арналған тағы екі орталық ашылды
3 миллион теңгегенің жаттығу құралдары сатып алынып, спорт клубына орнатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл жолы «Көкжиек» және «Кемел» шағынаудандарының зейнеткерлері мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындары спорт клубында тегін жаттығатын болды. Демеушілердің арқасында 3 миллион теңгегенің жаттығу құралдары сатып алынып, спорт клубына орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

27 жастағы Алматы тұрғыны Өксікбай Аман өзінің физикалық мүмкіндігіне қарамастан, спортпен шұғылданғанды ұнатады. Сал ауруына шалдыққан ол өз қатарластарын да салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Ең бастысы, адамның өзі талпынуы керек дейді ол.

«Аптасына үш рет келіп тұрамын. Жақсы, бәрі ыңғайлы. Ұйымдастырушыларға рахмет. Адамның қолынан келмейтін еш нәрсе жоқ, тек шабыт пен қалау керек», – дейді Аман ӨКСІКБАЙ.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы аясында қолға алынған бұл шараның арқасында зейнеткерлер мен ардагерлер, мүгедек жандар осында аптасына үш рет келіп, тегін шыныға алады.

«Көкжиек», «Кемел» шағынаудандарынан сауықтыру кешендері ашылып, 20-дан астам зейнеткер тегін дайындалып жатыр. Бізге осылай қамқорлық көрсетіп жатқан әкімшілікке, жаттықтырушымыз Саша мен Максимге зор алғыс білдіреміз», – деді зейнеткер Әсет ХАНГЕЛДИНОВА.

Жеке инвестордың есебінен сатып алынған жаттығу құралдары спорт клубына тапсырылып отыр. Қарттарға қалай жаттығу керектігін арнайы жаттықтырушылар үйретеді. Осының арқасында егде жастағылар жылына 600 рет тегін шынығуға мүмкіндік алды.

«Демеушіліктің арқасында 3 миллион теңге көлемінде ақша қарастырылып, «Максим» клубына спорт құралдары берілген болатын. Соның негізінде бізде 30-дан астам ардагер осы екі шағынауданда келесі жылдың аяғына дейін спортпен тегін шұғылдана алады», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав ВАВИЛИН.

Азамат Әуезхан, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров