|
27.06.2019 | 17:54
5074

Наурызбай ауданының көпбалалы аналарына – тегін спортзал

Наурызбай ауданында 2200-ден аса көпбалалы ана бар

Наурызбай ауданының көпбалалы аналарына – тегін спортзал Almaty.tv

Бүгін жергілікті әкімдік пен демеушілер бірігіп, 10 көпбалалы анаға жаттығу залына жарты жылдық сертификат табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан былай бала-шағалы аналар аумағы мың шаршы метр болатын заманауи құрылғылар орнатылған залда тегін жаттығады. Сондай-ақ, оларға арнайы жаттықтырушы да бөлініпті. Ең маңыздысы, сертификатта қатып қалған уақыт жоқ. Көпбалалы аналар бала бағудан қолдары босаған кез келген уақытта келіп, спортпен шұғылдана алады. Спорт кешенінің директоры бұл үшін 1 миллион теңгеден қаражат жұмсағанын айтады.

«Біз әлеуметтік бағдарламаларды қашанда қолдаймыз. Егер қолдан келсе, неге көмектеспеске?! Біздің клубта көпбалалы аналарға денсаулықтарын нығайту үшін барлық жағдай жасалған. Бөлек су себезгі, жаттығу залы және басқа да топпен жаттығу болатын бөлек бөлмелер бар. Уақытын да шектеген жоқпыз. Яғни, олар кез келген кезде келіп, жаттыға береді», – фитнес орталықтың директоры Денис ШЛЫКОВ.

Өз кезегінде көпбалалы аналар да фитнеске берілген сертификат үйде шаң басып қалмайды дейді. Міндетті түрде спортзалға барып, кейін нәтижелерімен де бөліспек.

Айта кетейік, Наурызбай ауданында 2200-ден аса көпбалалы ана бар. Биыл «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан 165 көпбалалы ана құны 6 миллион теңгеге жуықтайтын азық-түлік пен киім-кешекке сертификат алған. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 12 көпбалалы анаға тұрғын үй алу үшін 1 миллион теңгеден қаражат бөлінген.

«Мен – көпбалалы анамын. Бізге фитнеске сертификат берген әкімшілікке рахмет! Қуаныштымын. Бұрын келген емеспін, бірінші рет келуім. Енді осының арқасында денсаулығымызды түзейміз. Бұдан бөлек «Бақытты отбасы» арқылы бір бөлмелі пәтер алдық», – дейді көпбалалы ана Гүлзахира НҰРТАЕВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир