Алматылықтар ақша жұмсаудан көш бастап тұр

Алматылықтар ақша жұмсаудан көш бастап тұр
Мегаполис азаматтары базар мен дүкендерге 1,5 триллион теңгеден астам ақша қалдырыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар биыл алты айда сауда орындарында 5 триллион теңгеге жуық сауда жасапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Finprom.kz порталының мәліметі бойынша, Алматы тұрғындары бөлшек сауда жасаудан көш бастап тұр. Мегаполис азаматтары базар мен дүкендерге  бір  жарым триллион теңгеден астам ақша қалдырыпты.

Ақша жұмсаудан алдыңғы орынға шыққандардың қатарында  елордалықтар тұр. Бас шаhардың тұрғындары шамамен 600 миллиард теңгеге сауда жасаған. Үздік үштікті 448 миллиард теңгемен  Шығыс Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Ал  бөлшек  сауданың 73 пайызы шағын компаниялар мен жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

Республика бойынша бөлшек сауда үлесі:

(қаңтар-маусым 2019ж)

Алматы – 31,5%  1,6 трлн тг

Нұр-Сұлтан – 12% 593,2 млрд тг

ШҚО – 9,1%  448 млрд тг

Новости партнеров