Арнайы төсбелгіні ведомстваның бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады
Алматыда субұрқақта зардап шеккендерді құтқарған студент «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Абылай Балапановқа мұндай құрметті Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, адамдардың өміріне қауіп төнгенде батылдық танытып, өлімнен арашалап қалғаны үшін көрсеткен. Арнайы төсбелгіні ведомстваның бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады. Ал, департамент басшысы оқуды бітірген соң Абылайға жұмыс алуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ең басында көрген кезде тоқ бар дегенде, әрине, ойладым менің де өліп қалуы қатері бар деп. Бірақ адамдардың суға тұншығып, тоққа түсіп жатқананын көрген кезде ол қорқыныш мезетте жоқ болды. Бірақ мен өзімнің бұл ісімді «қаһармандыққа» жатқызбаймын. Әрине, күткен жоқпын мені осылай мақтаныш тұтып, грамота береді деп. Көп алғысымды білдіремін!» – деді Қ. И. Сəтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенті Абылай Балапанов.