Алматылық педиатр балалар үшін күн астында қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді

28.07.2023 22:28

Соның бірі таңғы 10:00-ден кешкі 16:00-ге дейін күн астында жүруден аулақ болу

"Алау" оңалту орталығынан

Жаз - балалар далада көп ойнайтын уақыт. Ата-аналар да балалардың далада мүмкіндігінше көп уақыт өткізгенін қалайды. Алайда, "Алау" оңалту орталығының директоры, педиатор Майя Шегебаеваның айтуынша, қауіпсіздік ережелері сақталмаса, күн балалардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Күн сәулесі теріде болатын күрделі биохимиялық процестерді белсендіре отырып, бүкіл денеге - жүйке жүйесіне, қан айналымы жүйесіне, жалпы метаболизмге пайдалы әсер етеді, бактерицидтік қасиеттерге ие және витамин синтезінің механизмін іске қосады, бірақ шамадан тыс күн сәулесі кері әсер етуі мүмкін. Егер ұзақ серуендеуге шықсаңыз, не күн астында болу уақытын жоспарлау мүмкін болмаса, баланы толығымен шешіндірмегеніңіз қол-аяғы жабық жеңіл, дем алатын киім кигізген дұрыс. Бас киімді кигізуді ұмытпаңыз, дененің ашық жеріне күннен қорғайтын арнайы құралды қолданыңыз және балаға үнемі су ішкізіңіз. Күн қорғанысын таңдағанда, нұсқаулыққа назар аударыңыз - құрал балаларға қолдануға рұқсат етілуі керек. Қолдану ережелерін мұқият зерттеңіз: сумен жуылады ма,  қаншалықты жиі қолдану керек. Егер бала күн астында іш киімсіз немесе жаялықсыз болса, қорғанысты бөксеге жағуды ұмытпаңыз (ол жердегі тері өте нәзік)", - дейді ол. 

Сарапшы күн ең белсенді болған кез таңғы 10:00-ден кешкі 16:00-ге дейін күн астында жүруден аулақ болуды ұсынады. Осы уақытты үйде немесе көлеңкеде өткізуге кеңес береді. Егер сіз күнді жағажайда немесе саябақта өткізуді жоспарласаңыз, көлеңке бар жерді тауып, қолшатыр немесе шатыр орнатыңыз.

Балалар күннің күйіп тұрған сәулесінен қорғауды қажет етеді, өйткені басқаларға қарағанда, оның әсеріне сезімтал. Күннен күйіп қалу, әдеттегідей, теріде қызыл із қалдырады. Ауыр жағдайда көпіршік пайда болуы мүмкін, қызба, қалтырау, бас ауруы және жалпы ауру сезімі орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

"Балада күннен қатты күйіп қалу кез келген басқа ауыр күйік сияқты емделуі керек, егер ол ауыр болса, тіпті ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Инфекция ағзаға көпіршік арқылы енуі мүмкін, содан кейін антибиотикрен емдеу қажет болады. Кейде балалардың күннен қатты күйіп қалуы естен тануға әкеледі (жылу соққысы). Мұндай жағдайда жедел жәрдемге жүгіну қажет", - деп атап өтті Майя Шегебаева.

Қорытындылай келе, дәрігер ылғалдану үшін ыстықта көп сұйықтық беруді ұсынады. Ыстық ауа-райында балалар сұйықтықты тез жоғалтады, сондықтан оларға көбірек су, шырын немесе басқа да алкогольсіз сусын ішу керек.

Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз балаларды күннен күйіп қалудан және күн сәулесінің басқа мәселелерінен қорғай аласыз.

Балаңыздың денсаулығы ең маңызды нәрсе екенін ұмытпаңыз!

Оқи отырыңыз: Алматыдағы медициналық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздік тұрақты бақылауда