Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы: шетелде әлі 7 млн қазақ жүр

qadam.asia
qadam.asia
Этникалық қазақтарды елге қайтару мәселелері талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шет мемлекеттерде 7 миллионға жуық қандасымыз жүр. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы Асылбек Байжұмаұлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылғанына 32 жыл болды. Мақсат – тарыдай шашылып кеткен қазақтың басын қосайық, елімізге әкелейік деген ниетпен құрылған қауымдастық. Бүгінгі күні үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Қазіргі күннің өзінде миллионнан астам қандасымыз келді, олар өсіп-өніп 3-4 миллионға жетіп қалды. Оралған қандастарымыздың барлығы осы жақтан білім алды, тиісінше әр салада жемісті еңбек етіп жатыр, - деді Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы Асылбек Байжұмаұлы.

Оның айтуынша, қоғамдық кеңесте әлі де шет елде жүрген, елге қайтуға ниетті этникалық қазақтарды қайтару бойынша өзекті мәселелер қаралады.

- Шет мемлекеттердегі қандастарға елімізді насихаттау арқылы олардың көшіп келуіне жағдай жасаумыз керек. Шекарадан өту, ыхтиярхат, оқу, жұмыс және тағы да басқа маңызды мәселелер бар. Осы мәселелердің шешімін бірлесе іздеу үшін қоғамдық кеңес құрған жайымыз бар, - деп түсіндірді Асылбек Байжұмаұлы.

Ол атап өткендей, бүгінде бірнеше миллион этникалық қазақ шет мемлекеттерде тұрып жатыр.

- Біздің есебіміз бойынша, шетелде әлі де 7 миллионға жуық қандасымыз жүр. Олар әсіресе Қытай, Моңғолия, Ресей, Еуропа, Иранда шоғырланған, - деді Асылбек Байжұмаұлы.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған конференция қатысушыларын құттықтады

Новости партнеров