Кезектен тыс өтетін Президент сайлауы – уақыт талабы

22.09.2022 22:28

Жиынға Мәжіліс депуттары мен қоғамдық қозғалыстың жетекшілері онлайн форматта қатысты

Almaty.tv

Кезектен тыс өтетін Президент сайлауы – уақыт талабы. Алматылық ғылыми қызметкерлердің пікірі осыған саяды. Бүгін философия, саясаттану және дінтану институтының мамандары осы тақырып төңірегінде дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, сайлау – еліміздің саяси жүйесін жаңартудың бастамасы болады. Жиынға ғалымдардан бөлек, Мәжіліс депуттары мен қоғамдық қозғалыстың жетекшілері онлайн форматта қатысып, өз пікірлерін білдірді.

«Президенттің кезектен тыс сайлауына бүкіл қазақстандықтар белсенді қатысады деген болжам бар. Себебі, 5 маусым күні өткен рефрендумға қатысқан ел азаматтарының пайыздық үлесі 78 пайызды көрсетті. Бұл жалпы тұрғындардың елімізде саяси өзгерістерді қолдайтынын және оны қалайтынын айқындап берді. Президент сайлауы  өзгерістердің бастамасы болмақ», – деді Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкері Әділ Жүнісов.