Қазақстанда ағзаға зиян тағамдарға салық салынуы мүмкін

26.01.2024 22:29

Сенатордың айтуынша, балалар сүйіп жейтін өнімдерді тексеру керек

Almaty.tv

Қазақстанда ағзаға зиян тағамдарға салық салынуы мүмкін. Сенатор Бибігүл Жексембай «өмірге қауіп төндіретін» өнімдерге шектеу қою керек екенін ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, сөрелерде самсап тұрған күмәнді тағамдар бақылаусыз сатылып жатқан көрінеді. Қауіпсіздікке алаңдаған депутаттың айтуынша, балалар сүйіп жейтін өнімдерді тексеру керек. Қазақ балаларына жарнамаланатын азық-түліктің 72 пайызына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған.

– Соңғы кезде Қазақстан нарығында белгісіз тағамдар қаптап кетті. Алыс-жақын елдерден «қоқыс» тағамдар арбалап та, дорбалап та тасылып жатыр. Ең қорқыныштысы, оларды көшелер мен жертөлелерде жасайды. Қытайдың өзінде бұл өнімдердің зиянды екені дәлелденіп, сайтта «қоқыс» тағамдар деп көрсетілген, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексембай.

Оқи отырыңыз: Зілзала кезінде не істеу керек - оқу жаттығу