Ақкентте өрттен зақымдалған пәтерлерге жөндеу жұмысын жүргіземіз – құрылыс компаниясы

Almaty.tv
Almaty.tv
Қанат Ералиевтың айтуынша, тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздік шаралары сақталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аккент тұрғын үй кешені 2010-2017 жылдары тапсырыс беріліп, кезең-кезеңмен құрылысы жүргізілген. Онда 9 қабатты 42, 16 қабатты 16 тұрғын үй салынған.  "Алматы" телеарнасына арнайы сұхбат берген құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиевтың айтуынша, тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздік шаралары сақталған. Сондай-ақ эвакуациялау жолы да қарастырылған. 

Өрт кезінде дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып  80 адам құтқарылды, оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтар арқылы, қалған тұрғындар арнайы техниканың көмегімен, 200-ден астам адам эвакуацияланды. 

Қанат Ералиевтың айтуынша, құрылыс компаниясы зардап шеккен пәтерлерді қайта жөндеу жұмысын жүргізуге ниетті. 

Толығырақ төмендегі сілтемеден көре аласыз.

 Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтар отбасына көңіл айтты

Новости партнеров