Алматыда мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне қарайтын әдеп кеңесі онлайн жұмыс істеп жатыр

27.11.2020 22:31

Бұл жолы Жер қатынастары және Экология басқармасының қызмет көрсету сапасын тексерді

Алматыда мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне қарайтын әдеп кеңесі пандемия кезінде онлайн жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, шағым айтушыларға да кеңсеге келудің қажеті жоқ. Олармен мамандар бейнебайланыс арқылы хабарласады. Бүгін қала бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті кезекті отырыс өткізді. Бұл жолы Жер қатынастары және Экология басқармасының қызмет көрсету сапасын тексерді. Оған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік мекемелерге кіріп-шығуды және қызметтің қолжетімді болуына аса  мән беру керек екенін айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

«Жалпы біз жыл басынан бері 8 рет әдеп кеңесін өткіздік. Онда 30 сұрақ қарастырылды. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға қызметтің сапасын жақсарту, оңтайландыру мақсатында 50-ден астам ұсыныс бердік. Қуантарлығы, былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлер тарапынан заңбұзышылық азайды», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі алматы қаласы бойынша департаменттің басшысы Дастан Секенов.