Екі ай бойы онлайн-форматта өткен республикалық шараға 39 командадан тұратын 585 адам қатысқан
Нұр-Сұлтанда Тұңғыш президент күні қарсаңында «Айбын-2020» әскери-патриоттық жиыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл жарыс онлайн форматта ұйымдастырылған. Ал жабылу рәсімін еліміздің әр түкпіріндегі қатысушылар іс-шараны тікелей эфирде бақылады. Шараны қорытындылауға еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым вице министрі Шолпан Каринова және жеңімпаздар қатысты. Екі ай бойы онлайн-форматта өткен республикалық шараға 39 командадан тұратын 585 адам қатысқан.
«Жыл сайын дәстүрге жастардың әскери-патриоттық жиынын өткізу мақсаты – Отанына адал, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, парасатты ұрпақ тәрбиелеу», – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
«Жыл сайынғы жиын – бұл біз үшін жаңа тәжірибе, жаңа достар. Қашықтықтағы форматта өтуіне қарамастан, конкурс өте қызықты, әрі тартымды өтті. Бұл жиын біздің жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншіліктің отын жақты», – деді Шығыс қазақстан облысы «Жас қыран» командасының капитаны Ажар Ықыласова.