Ақтауда 21 жастағы жігіт суға батып кетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Оның денесі 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 21 жастағы жігіт Каспий теңізіне батып кетті. Қайғылы жағдай қала маңындағы Шора су каналында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлер судың ағысы қатты болғандықтан, баланың көзден таса қалғанын айтты. Өкініштісі, оны құтқармақ болған әкесі де суға кете жаздаған. Абырой болғанда, сол маңайда үгіт-насихат жүргізіп жүрген құтқарушылар азаматты аман алып қалған. Ал жергілікті жедел құтқару жасағы 2003 жылы туған қала тұрғынының денесін шамамен 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен алып шықты.

– Ол жерде 14 адам демалып жүрді. Бір бала біздің ескертуімізге қарамастан тыйым салынған жерде шомылып, батып кетті. Оның әкесі құтқарамын деп артынан секіргенде өзі батып кете жаздады. Бірақ құтқарушылар әкесін құтқарып үлгерді. Баласының денесі тек екі сағаттан кейін табылды, – деді Маңғыстау облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Райымбек Тұманғалиев.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

Новости партнеров