|
02.04.2021 | 17:32
1319

Қомақты табыс көзі: су астында неке қиятын қытайлықтар

Заманауи қытайлықтар неке қию салтанатын ерекше өткізуге тырысады

Қомақты табыс көзі: су астында неке қиятын қытайлықтар © AFP 2021 / Johannes Eisele

Қытайда үйлену тойын суретке түсіру – дамып келе жатқан әрі қомақты табыс көзі болатын бизнес. Заманауи қытайлықтар неке қию салтанатын ерекше өткізуге тырысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Көктем – махаббат пен жылулықтың, жарқын көңіл-күй мен ғашықтық сезім маусымы. Ғашықтар жылдың осы мезгілінде некелесуді армандайды.

Бұл елде бір-бірінен озып түсетін айрықша фотосессиялар ұйымдастыру сәнге айналған.  

Жастар үйлену салтанатына дейін бірнеше ай бұрын фотосессия ұйымдастырады. Қытайлықтар өмірдегі ең бақытты сәттерінен естелік болатын мінсіз кадрлар қалдыру үшін бұл маңызды іске асықпай дайындалады.  

Сондықтан қазір Қытайда фотоиндустрия саласы қарқынды дамып жатыр. Әсіресе үйлену тойында өзіндік идеялары мен ұсыныстары бар фотографтар үлкен сұранысқа ие.

Эмоцияға толы әдемі кадр шығуы үшін жас жұбайлар сағаттап аяқтарынан тік тұруға дайын. Салтанатқа сай киімдерді жалға алып, шаштараз бен визажист сынды мамандардың қызметіне жүгініп, басқа елді мекендерге жолға шығатындары да бар.  

Қытай жастарының арасында үйлену тойының фотосессиясын неғұрлым әсерлі әрі әдемі етіп өткізу байлық пен салтанаттың белгісі. Олар бұл үшін суда жүзіп, ауада қалықтауға да дайын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир