Алматы және Алматы облысы бойынша электр желілерін жаңарту жұмысы қашан аяқталады

23.08.2023 22:33

«Алатау Жарық компаниясының» қызметкерлері 74 шақырым болатын кабель желісін жөндеуді қолға алған

egemen.kz

Алматы және Алматы облысы бойынша электр желілерінің 92 пайызы тозған. Қалалық табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір оңтүстік астананы жарық көзімен қамтып отырған ірі компания желілерді жаңарту жұмысын қолға алған. Жыл соңына дейін аймақта 74 шақырым болатын кабель желісін жөндеу аяқталмақ. Қазірдің өзінде бұл шаруаның 90 пайызы жасалыпты.

Алматының 4 миллионға жуық халқына электр энергиясын беріп отырған  қызметкерлері 74 шақырым болатын кабель желісін жөндеуде. Бүгінде жоспардағы жұмыстың 90 пайызы аяқталыпты.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл басынан бері 14 қосалқы станса жаңарған.

«Жылдың қазанына дейін 100 пайыз бәрін бітіретін жоспарым«Алатау Жарық компаниясының»ыз бар. Одан бөлек, тағы 14 қосалқы трансформатор стансасы осы жылы айырбасталды. Сәуірде айырбастап, толықтай бітірдік», – деді «Алатау Жарық компаниясы» АҚ құрылыс жөніндегі директоры Жақсылық Әбділдәбеков.

Сонымен қатар «Алатау Жарық компаниясының» табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына көшу шеңберінде 5288 негізгі жабдық пен 134 шақырым желіні жөндеу жоспарланған.

«Департаментпен және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға инвестициялық бағдарлама бекітілген. Сол бағдарламада 102,6 миллиард шамасында инвестициялық бағдарлама бекітілген. Оның ішінде 2023 жылға бекітілген инвестициялық іс-шаралары 18,3 миллиард теңгені құрайды», – деді  ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті бөлімінің басшысы Ардақ Жанабаева.

Айта кетейік, жаңартылған электр жабдықтарының бәрі отандық өнім дейді компания мамандары.

Гүлмарал Изатқызы, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы