Объект заңсыз тұрғызылған
Алматыда сот шешімі бойынша мейрамхананың жазғы террассасы сүріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Алматының орталығындағы "Чачапури" мейрамханасының жазғы террасасы заңсыз тұрғызылған. Қала тұрғындарының өтініші негізінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Абылай хан даңғылы, 107 мекенжайдағы тұрғын үйге қосалқы салынған нысанды және жазғы алаңға тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесі бойынша жалға алушы "Матадор" ЖШС "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 322-бабы 1, 319, 323-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, басқарма меншік иесі мен жалға алушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа және мемлекеттік қор аумағында орналасқан заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыздар берді.
Басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды, алайда Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсті. Сот процестері 2023 жылдың 25 сәуірінде аяқталды – апелляциялық соттың қаулысымен сүру туралы шешім өзгеріссіз қалды. Сүру биылғы жылдың 12 мамырында сот орындаушыларының қатысуымен басталды.