|
18.07.2019 | 18:39
4412

Биыл 3200 отандасымыз қажылыққа аттанады

Биыл қажылық 30 шілдеден 20 тамызға дейін жалғаспақ

Биыл 3200 отандасымыз қажылыққа аттанады "Экспресс К"

Оларды қолдау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан басқарма тарапынан арнайы миссия құрылған. Оның ішінде сауатты имамдар, дәрігерлер, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал еліміздің 500-ге жуық мешітінде қажылық сапарға аттанатындар үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Діни басқарма өкілдері қажылыққа кімдер бара алатынын, әрі ол үшін қарыз алудың қажеті жоқтығын айтып берді.

Айта кетейік, биыл қажылық 30 шілдеден 20 тамызға дейін жалғаспақ.

«Қажылыққа бару үшін адамдар біреулерден қарыз, көмек сұрайды. Ал шариғат ондайды қолдамайды. Яғни қажылық – тек жағдайы бар адамдарға ғана парыз. Себебі қажылық дегеніміз – құлшылық. Ол барып демалып келетін орын емес, болмаса ел көріп келетін жағдай емес», – деді ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай ӨТПЕНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир