|
27.05.2019 | 19:29
3672

Тышқан қаптап, сасып кеткен үйде тұру мүмкін емес: Жетісу ауданы тұрғындарының әкімге айтары көп

Сауалдарға Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев бейсенбі сағат 19:35-те тікелей эфирде жауап береді

Тышқан қаптап, сасып кеткен үйде тұру мүмкін емес: Жетісу ауданы тұрғындарының  әкімге айтары көп

Табалдырығы тозып, қабырғасы қақыраған апатты үйде тұруға мәжбүр Алматыдағы Жетісу ауданының тұрғындары баспаналарының қашан сүрілетінін білмей дал. Сондай-ақ жұртшылықты жолдағы ашық жатқан құдықтар алаңдатса керек. Себебі қақпағы ашық кәріз құдығынан шығатын қолқаны қабатын қолаңса иіске шыдау тіпті мүмкін емес болып барады дейді олар.  

«1957 жылдан бері салған үйдің жайы белгілі,  көптеген үйлер құлап жатыр. Төбесінен су ағады. Тұру мүмкін емес. Бұл үйді қашан сүрмексіздер?», – дейді тұрғындар ашына.

«Барлық жерде ашық жатқан құдық, ол азд есеңіздер, кіре берістерді тышқандар қаптап кеткен.  Ағаштар да төбемізден төніп тұр, әлде бір күні міндетті түрде біреудің басына құлап, адам өлуі қажет пе?» – дейді жұртшылық.

Бұл сауалдарға алдағы бейсенбі сағат 19:35-те Жетісу  ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев тікелей эфирде жүретін «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді. Аудан тұрғындары мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, уатсап қосымшасы арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жіберсе де болады. Сонымен қатар тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир