|
25.10.2019 | 17:34
19805

Алматы хайуанаттар бағы тастанды жануарлардың ордасына айналып барады

Себебі құжатсыз әкеліп тасталған хайуанаттардың бірінен кейін бірінің көз жұмған

Алматы хайуанаттар бағы тастанды жануарлардың ордасына айналып барады

Зообақтағы «Тастанды жануарлардың» тағдыры. Мекеме қызметкерлерлері қараусыз қалған хайуанаттар өміріне алаңдаулы. Тұрғындар төрт аяқтыларды өз пиғылдарына қарай пайдаланып, кейін хайуанаттар бағына апарып тастайды екен. Бұл оның ең оңай жолы болса керек. Ал, мамандар олардың қала тұрғындарына қауіп төндірмеуі қабылдауға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан біраз уақыт бұрын Алматы зообағынан шыққан дау әлі басыла қойған жоқ. Құжатсыз әкеліп тасталған хайуанаттардың бірінен кейін бірінің көз жұмуы мекемені әбден әбігерге салған еді. Енді хайуанаттар бағының қызметкерлері жануарды қабылдау барысында өзіндік ережелері мен заңдары бар екенін алға тартпақ.  

«Бізде шетелдегі басқа зообақтардан келісім бойынша жануарларды қабылдаймыз. Ал тастанды жануарларды қабылдай алдаймыз. Өйткені олардың екпе жасатқаны жайлы, карантинде болды ма болмады ма білмейміз. Және де олардың арғы тегін білмегендіктен, сырттан тастанды жануарларды көп қабылдай бермейміз», - деді «Алматы хайуанаттар бағы» кіші ғылыми қызметкері Жансая АХМЕТКӘРІМОВА

Зообақта тұратын арыстандардың есімі – Хаби мен Мая. Оларды зообаққа осыдан бірнеше ай бұрын тұрғындар әкеп тастаған. 30 күндік карантинде болып, арнайы ветеринарлық сараптамадан өткеннен кейін келушілер назарына ұсынылды. Қызметкерлердің айтуынша, олардың келген кездегі халдері мүшкіл болған. Қазір арнайы күтімнен кейін жағдайлары жақсарды.

Осы уақытқа дейін тұрғындардан зообаққа 4 арыстан қабылданған. Алайда олардың бұған дейін тиісті жағдайы жасалмаған соң, түрлі ауруларға шалдығатын көрінеді. Сондықтан бұдын былай жануарды тапсыру үшін арнайы құжат қабылданатынын ескертіп отыр.

«Ветеринария заңы бойынша егер жеке тұлға жануарды тапсырғысы келсе, ол міндетті түрде жергілікті ветеринария ұйымына хат жазу керек. Кейін 30 күндік карантин жарияланады. Барлық диагностикалық сараптамалар мен екпелерден кейін ғана біз өзімізге ала аламыз», - дейді «Алматы хайуанаттар бағы» бас ветеринардың қызметін атқарушы Алина ЧИМИРУК.

Зообақтың басты мақсаты – жануарлардың таза гендерін сақтап қалу. Айта кету керек, бүгінде хайуанаттар мекенінде жануарлардың 375 түрінен 3500-ге  жуығы бар. Олар 5 секцияға бөлінген. Оның ішінде Қазақстаның "Қызыл кітабына" енген 60 жануар кездеседі.

Дана Насырқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир