Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv әкімдіктің баспасөз өызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда Алматы қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Өздеріңіз білесіздер, "Жаңа Алатау" қоғамдық қорына алғашқылардың бірі болып ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қорынан 100 млн тг қаражат келіп түскен болатын. Оған қосымша аталмыш қорға депутаттар мен кәсіпорындардан, депутаттар мен кәсіпкерлерден 256 млн қаражат түсті. Бүгінгі таңда бұл қаржының 136 млн тг жұмсалды. Мұқтаж жандарға 17 000 азық-түлік қоржындары таратылды. 8 әлеуметтік ұйымдарға, соның ішінде, 6 интернатқа, жастар қоғамдық үйлеріне, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға, ардагерлер мен әлеуметтік үйлерге көмек көрсетіліп жатыр. Түсіп жатқан қаражаттар әлеуметтік маңызы бар шараларға жұмсалуда», - деді Р. Алшанов.
Спикер әлеуметтік көмек алып жатқан жандар қатарынан ешқандай шағым түсіп жатпағанын айта келіп, керісінше, ризашылықтарын білдіріп жатқан оқырмандардың көп екенін жеткізді. Мәселен, 291 есту қабілеті нашар жандар атынан алғыс хат жолдаған Аманбек Ерғалиевтің хатында мұқтаж жандарға қажет кезінде көмек қолдарын созып, азық-түлік қоржынын жеткізіп бергендері үшін алғыс айтылған.
«Осындай мазмұндағы хаттар бізге көптеп келіп жатыр. Көмек көрсетілетін адамдардың тізімі шектелмейді, біз олардың сұраныстарын ескеріп, жұмыс атқарып жатырмыз. "Жаңа Алатау" қоры бұдан былай мұқтаж жандарға әлеуметтік көмекті, әсіресе азық-түлік жиынтығын волоентерлер емес, «Қазпошта» АҚ арқылы жөнелтеді. Себебі, қорда жұмыс көп, Ондағы мұқтаж жандарға берілетін қоржындарды өлшеп-орау жұмыстарын осы волонтерлер атқаратын болады. Көмек көрсетуге бөлінетін қаражат ардагерлерді, мүгедектерді, интернационалист-жауынгерлерді біріктіретін әр түрлі ұйымдар арқылы жүргізіледі» - деді спикер.
Р. Алшанов бөлінген қаржылар мен олардың жұмсалуы міндетті түрде ашық болатынын айта келіп, «Қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандыру органдары көмекке өте мұқтаж адамдардың тізімдерін жасалып жатқанын жеткізді. Ол үшін аталмыш қордың көмегіне мұқтаж жандар өзі тұратын ауданның әкімдігіне, ардагерлер кеңесіне, мүгедектер қоғамына барып, қолдауды қажет ететін қала тұрғыны ретінде тіркелу қажет», - деді ол.
Спикер сонымен қатар, «Осынау игілікті іске ниет білдірген жандардан қайырымдылықты қабылдаймыз. Ол үшін интернет арқылы бізбен хабарласыңыз. Біз сын сағатта көмек қолын созған жандардың барлығына алғыс айтамыз» - деді.