Жамбылда соңғы тәулікте 557 адам қар құрсауынан құтқарылды, де хабарлайды Almaty.tv.
Оның ішінде балалар мен шетелдік азаматтар бар. Өңірде күн райының күрт суытуына байланысты төтеншеліктер қауырт жұмыс атқаруда. Құтқарушылар тәулік бойы жолда қалған көліктерді шығарып, көмекке мұқтаж жүздеген тұрғынды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жылыту пункттеріне жеткізіп жатыр. Аймақта жедел желі іске қосылды.
Сарышұнақ аяз қысып тұрған шақта алыс жолға шығу өте қауіпті. Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің ескертуіне қарамастан сапарға шыққан жолаушылар саны азаймай тұр.
– Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша барлық республикалық жол жабық. Қордай ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға Алматы қаласынан республикалық жедел құтқару жасағы көммекке келді. Тиісті құралдармен жабдықталған құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, – деді Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Карина Карташова.
Оқи отырыңыз: Алматыда оқушылар офлайн оқуға оралады