«Менің кәсібім» жобасы аясында мұқтаж жандарға құрал-жабдықтар үлестірді

Бұл шара үйде кәсіппен айналысып, балаларын асыраушыларға мүмкіндік береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика көлемінде «Менің кәсібім» жобасы өз жалғасын табуда. Кеше жоба авторлары мен Жетісу ауданының әкімі бастаған бір топ азаматтар мұқтаж жандардың үйлеріне бас сұғып, құрал-жабдықтар үлестірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекеттен қолдау тапқан бұл шара үйде кәсіппен айналысып, балаларын да асыраушыларға мүмкіндік береді.  Жоба үйлестірушілері Алматы қаласының барлық аудандарын аралап, алдымен көпбалалы, тұрмысы төмен немесе мүгедек баланы асырап отырған отбасыларды аралап шығып, қандай кәсіпке бейімі барын байқап шығыпты. Бастысы, ешқандай құжатсыз келесі күні-ақ қажетті керек-жарақтарын үйлеріне апарып берді.

«Бұл – өте қуантарлық жағдай. Үйде отырған аналарға өте керемет мүмкіндік. Үйде отырып бала-шағамның керегіне қажет ақша тауып, отбасымды асырағым келеді», – деді Алтыншаш ЖОРАБЕКҚЫЗЫ.

«Бұл бағдарламаның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайлары өте төмен отбасыларға, оның ішінде көп балалалы аналарға, отбасында мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға  үй жағдайында кішігірім өз кәсібін ашуға көмектесу», – деді «Менің кәсібім» жобасының авторы Айжани НҰРЛАНОВА.

Новости партнеров