Алматыда өткен жәрмеңкеде көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысы таныстырылды

12.06.2021 00:41

Ізгі ниеттен бастау алған көрме ары қарай да ел пайдасына жараса деген тілек бар, дейді ұйымдастырушылар

Бүгін Алатау ауданында құрылған «Аналарға көмек» қоғамдық қорының көрмесі өтті. Қолдан жасалған ұлттық бұйымдар мен өнер туындыларын ұсынған жәрмеңкеде көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ізгі ниеттен бастау алған көрме ары қарай да ел пайдасына жараса деген тілек бар, дейді ұйымдастырушылар.

«Көрменің негізгі мақсаты – осы жерде ұйымдастырылған сатылымның нәтижесінде болашақта Алатау ауданындағы мүгедек балаларға арналған сауықтыру орталығының бастамасы болса, соған өз үлесімізді қоссақ деген ниетіміз бар. Жалпы, аналардың атынан өз алғысымды білдіргім келеді. Бұл елге жасалып отқан қызмет», – деді «Аналарға көмек» қоғамдық қорының мүшесі Асылзат Тұрмұханбетова.

Жәрмеңкеге аудан әкімі мен қалалық әкімдіктің мамандары келіп, бастамаға сәттілік тіледі. Көпшілігі сурет және қолөнер бұйымдарынан құралған көрмеде жалпы 118 жұмыс таныстырылған. Айта кетейік, «Аналарға көмек» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешу мақсатында 2018 жылы құрылған еді.

«Аналарға көмек» қоғамдық қорында 2503 ана тіркелген. Соның ішінде 106 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Сол балаларға арнап «Инклюзив» деген проектті қолға алайын деп жатырмыз. Ең бірінші өзімнің ұжымыма рахмет айтқым келіп тұр», – деді«Аналарға көмек» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлдәурен Бақбергенова.