|
04.02.2021 | 17:40
1507

Ғалымдардың шығармашылық еркіндігі мен жауапкершілігін арттыру қажет – Бақытжан Жұмағұлов

Оның сөзінше, салдарынан қомақты қаржы және ұзақ уақыт салып, ғылыми мақалаларды батыс басылымдарына «тықпалап» жариялау қалыптасты

Ғалымдардың шығармашылық еркіндігі мен жауапкершілігін арттыру қажет – Бақытжан Жұмағұлов Фото: ашық дереккөзден

Ғалымдардың еңбегін бағалау ғылыми мақалалар санына байланып қалды. Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Қазақстан ғылымының беделін көтеру үшін мақалаларды шетелдік басылымдарда жариялауға басымдық беріліп отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, салдарынан қомақты қаржы және ұзақ уақыт салып, ғылыми мақалаларды батыс басылымдарына «тықпалап» жариялау қалыптасты. Бұл Қазақстанның ғана емес, бүкіл посткеңестік республикалардың ғылыми идеялары мен қаржылары делдалдардың пайдасына жұмыс жасап жатыр деп санайды депутат.

«Ал біз болсақ, өзіміздің отандық ғылыми журналдарды есепке алмайтын болдық. Осылай өз журналдарымыздың құны кетті. Енді уақыт оздыруға болмайды. Таяу арада бұл мәселені шешкен жөн. Олай болмаған жағдайда, қазақстандық ғалымдар баяғы Кеңес одағы тұсындағы секілді, енді батыстық жүйенің көлеңкесінде қала береді»,– деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Ал, депутат Сәуле Айтбаева интернетте диссертация жазу бойынша жарнамалардың көптігін алға тартты. Оның сөзінше плагиатты шектемей, отандық ғылымды дамыту мүмкін емес. 

«Интернетке кіріп «докторлық немесе кандидаттық диссертацияны сатып алу» деп теріп қалып едім, 46 секундттың ішінде осындай қызметті ұсынатын 303 мың нәтиже шыға келді. Zakaz-kz сайтының ішінде тіпті «уақытыңызды үнемдеп, керекті диссертацияны аласыз, оны біліктілігі жоғары мамандар жазады» деп, бағасына дейін көрсетілген. Тіпті сол ғылыми жұмыстарды жасаған адамдарды мақтау сөздеріне дейін салып қойыпты. Бұл бағытта плагиат көбейіп, сапа төмендеп кетті. Ал Қазақстанның ғылымы туралы мақала интернетте өте аз. Осыны қалай шектейміз?» – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Айтбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир