Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Абайдың туған күніне орай «Адамзаттың Абайы» атты қалалық іс-шара өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Шара барысында белгілі ақындар Ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, өз арнауларын айтады.
Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Айта кетейік, іс-шара 10 тамыз күні сағат 11:00-де (Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысы) Абай ескерткішінің алдында өтеді.