«Нұр Отан» партиясы көпбалалы отбасыларды қолдау бағдарламасын әзірледі

«Нұр Отан» партиясы көпбалалы отбасыларды қолдау бағдарламасын әзірледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Нұр Отан» партиясы көпбалалы отбасыларды қолдау бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Саяси ұйым мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау тиімділігін арттыруға ниетті. Сондай-ақ, баспанамен қамтамасыз ету және білім беру қолжетімділігін жетілдірмек. Жалпы, құжатта 10 жылдықтың 10 мақсаты белгіленген. Бағдарлама «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының XXIV конферениясында талқыланды.  

«Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы оқу орындарының 30 пайызға жуығы осы Бостандық ауданында орналасқан. 16-ға жуық арнаулы оқу орындарымыз бар. Сонымен қатар, 13-ке жуық үлкен оқу орындары бар. Бұл аудан жалпы, жастар ауданы болып саналады. Сондықтан біз жастарға көп көңіл бөліп, жастармен тығыз жұмыс жасайтын боламыз», – деді «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының орынбасары Баймұрат ЖАМБЫЛОВ.

Новости партнеров