Шенеуніктер жұма күні жұмысқа еркін киіммен келе алады

МИА «Казинформ».
МИА «Казинформ».
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мемлекеттік қызметке еркін киіммен». Биылдан бастап ел шенеуніктері жұмыс аптасының соңғы күні, яғни жұмада қызметке галстуксыз келе алады, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

«Кэжуал фрайдэй» деп аталатын тәжірибе алғашында пилоттық түрде енгізілмек. Бастама туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтып берді. Ведомство басшысы жұмысқа еркін киім үлгісімен келу қатып қалған тәртіптен босаңсып, өз ұсыныс-ойларын ашық жеткізуге жола ашады деген пікірде. Бұл тәжірибеге өңірлер де қолдау білдірген.  

«Осы жылы агенттік «Кэжуал Фрайдэй» тәжірибесін енгізеді. Жұма күнгі жұмысты ресми дресс-кодсыз өткізу бастамасы корпортивті секторда баяғыдан бар. Өңірлер бұл жайтты бұрын да көтерген. Бұл мемлекеттік қызметті жеңілдетуге жол ашады, ұжымда ой еркін айтылып, қызметшілердің бір-біріне деген сенімі артады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ.

Агенттік отырысында қағазбастылықтан құтылу жолы тағы да көтерілді. Алик Шпекбаев медициналық анықтамаларды электрондық түрде беруді ұсынды. Өйткені, ауруханалардан бөлек, оны қолдан жасап сататындар қаптаған.

«Мысалы, 083 пен 086 медициналық анықтамаларын алсақ, олар көптеген жағдайды бір іске еш өзгеріс әкелмейді. Оқуға түсетін талапкердің көзі дұрыс көрмесе де, ол жоғарғы оқу орнына түседі. Бұл анықтамаларды қолдан сататындар көп. Сенбесеңіздер, ғаламторға кіріп көріңіздер. Мен бәріңізден қолға берілетін қандай құжаттамадан бас тартуға болатыны туралы ұсыныс күтемін», – деді Алик ШПЕКБАЕВ.

Новости партнеров