Сапалы өнім: әлемдегі жетекші компанияның бірі Қазақстан құрылысшылар одағының құрамына енді

Almaty.tv
Almaty.tv
Компания өкілдері профильдік жүйе жасағанда қорғасынды пайдаланудан бас тартқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдік жетекші компания Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтіп жатыр. Терезе мен есік жүйелеріне арналған ПВХ-профильдердің өндірушісі күні отандық құрылысшылар одағының құрамына кірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Profine компаниясының өнімдері нарықта кең танымалдылыққа ие. Әлем елдеріне тауар жеткізуін былай қойғанда, Қазақстанның әр қаласын құрылыс материалымен қамтып отыр. Компания өкілі «елдегі сәтті тәжірибе сенімді серіктестік құруға жол ашты» дейді.

– Құрылысқа қажетті тауарлардың сұранысқа ие екенін білесіздер. Сол талапқа сай, сапалы дүние шығарамыз. Мердігер ұйымдармен, серіктестермен бірге Қазақстанның тұрғын үй жүйесінде сапалы жұмыс атқарғымыз келеді, – деді  «Профайн РУС» ЖАҚ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Елена Ермакова.

Компания жуырда ғана Қазақстанның құрылысшылар одағына мүше болды. Көрмеде «Профайн РУС» өкілдігі елдің жылжымайтын мүлік нарығында әрі жеке үй секторында шыны өнімдерін қолданудың жаңа тәсілін ұсынған еді.

– Біздің басты мақсатымыз – осында өсу, даму. Өз саламызда үздік болып көш бастап, заманауи, ыңғайлы құрылыстың салынуына үлес қоссақ дейміз. Сондай-ақ Қазақстандағы серіктестеріміздің зор ықыласына ие КВЕ және KÖMMERLING брендін ұсынып отырмыз, – деді КВЕ бренд-менеджері Людмила Коптилова.

КВЕ, KÖMMERLING бренді қазіргі сұранысқа ие құрылыс үшін арнайы дайындалған. Профильдік жүйелердің экологиялық сертификаты да бар, демек, тауар сапасы табиғи өнім екендігінен-ақ байқалып тұрмақ.

– Нарық пен оны ұстап тұра алатын елдің әлеуеті өте жоғары екенін байқаймыз. Біз мұнда құрылымдарды әкеліп қоюмен шектелмейміз. Олардың талапқа сай, сапасы жоғары болғанынын және азаматтардың оң пікірін естігіміз келеді, – деді  «Профайн РУС» ЖАҚ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Елена Ермакова.

Profine компаниясы ұсынған өнімдердің сапасы мен баға саясатындағы тұрақтылығына ірі құрылыс мекемелерінің мамандары да оң пікір білдіріп отыр.

– Мен Қазақстандағы миллиондаған азаматтың Profine компаниясы әзірлеген терезе арқылы сыртқа көз тастайтынын білемін. Әр қаладағы сәтті жобамызды байқау қиын емес. Осынша мақтаған тауар несімен жақсы деген сұрақ туатын шығар. Мен олардың эконом санаттан бастап, премиум сапаға дейінгі өнімдерін мінсіз деп айтар едім, – деді  «АКС» компаниясының директоры Кенжетай Рамазанов.

Өндіруші компания өкілдері профильдік жүйе жасағанда қорғасынды пайдаланудан түбегейлі бас тартқан. Оның орнына тұрақтандырғыш есебінде қоршаған ортаға зияны тимейтін композиция қолданылады. Соның есебінен, ескі терезелерді қайта өңдеуге мүмкіндік тумақ.

Мадина Оқас, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров